Ауыл

«Жемқорлықпен күрес — заман талабы»

Қазіргі таңда қоғамның дамуына кедергі келтіретін теріс және аса қауіпті құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылатыны анық. Осыған байланысты Елбасы  Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру аса маңызды міндет ретінде алға қойылғаны белгілі.

Ақтөбе қаласына қарасты Новый ауылдық округі әкімінің аппараты осы округ аумағындағы Құрашасай ауылында орналасқан №11 селолық-модельді кітапхана мамандарымен бірлесе «Жемқорлықпен күрес — заман талабы», «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбында ауыл тұрғындары және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған тақырып бойынша кітаптар мен жадынамалар көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Ауыл тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы», «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» туралы ақпарат жазылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған жадынамалар таратылды.

Н.ДОСОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button